Қоғам

Путиннің шешімі: енді бұрын сотталған мигранттар Ресей азаматтығын ала алмайды

Путиннің шешімі: енді бұрын сотталған мигранттар Ресей азаматтығын ала алмайды

Ресей Президенті Владимир Путин кез келген қылмысы үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар шетелдіктерге Ресей азаматтығын немесе елде тұру құқығын беруден бас тартуға мүмкіндік беретін заңды бекітті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланған құжатқа сәйкес, Ресейде де, одан тыс жерлерде де жасалған қылмыс үшін соттылықтың болуы бұрын ресімделген құжаттарды беруден бас тартуға немесе олардың күшін жоюға негіз болады.

Сөз уақытша тұруға рұқсат, білім алу мақсатындағы УТР, тұрақты тұруға рұқсат, сондай-ақ РФ азаматтығын алу туралы өтініштер жайында болып отыр. Жаңа ережелер жасалған қылмыстың деңгейіне қарамастан қолданылады.

Барлық жаңалық