Продюсер Баян Алагөзова өзінің жиені Аша Матайға қатысты хейтке пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Айтуынша Аша Матайдың депутаттық сайлауға түсуіне оның еш қатысы жоқ.
“Жиенім Аша Матайдың саяси сайлауға түсуіне пенің еш қатысым жоқ. Ол барлық қазіргі жетістіктеріне өз күшімен жетті. Егер адам осының бәріне өз саласында өз күшімен жетістікке жетсе, неге ол лайықты депутаттыққа лайықты кандидат бола алмайды? Неге елдің бәрі барлық өнер адамдарын, әншілерді ең соңғы оныншы орынға қойып қойған? Неге олар депутат бола алмайды? Хейтерлердің сөзінше яғни әртістерден басқасының барлығы депутат бола алады. Оларға заңды оқудың керегі жоқ, олардан бюджет қалай бөлінетінін сұраудың қажеті жоқ. Неге дәл шоу-бизнес өкілдерінің пікірі маңызды екенін білесіздер ме? Себебі олар танымал, олар халықтың махаббатына бөленген, олар тіл біледі, сауатты сөйлей алады. Мен көп адамға бұның ұнамайтынын білемін. Аша қазір ересек әйел, екі баланың анасы. Бірақ қазір оған өте ауыр және қиын. Ол бүкіл хейтке жалғыз өзі қарсы тұрып жатыр. Ол өз халқын, дәстүрін, тілін сүйеді. Оның ішінде мықтылық бар”, - деді ол.