Қоғам

"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен

"Менің ақшама алды!": Рахат атаның жұмыс берушісі кәсіпкер сыйлаған үйге көз тіккен

Істі болған ақтөбелік малшының мәселесін көтеріп жүрген журналист Руслан Өтепбай тағы бір маңызды жайтты айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі. 

Ол Рахат атаның жұмыс берушісінен сұхбат алған. 

"Рахат Сәрсеновтің бұрынғы жұмыс берушісі Тәжіғали Елеуовпен кездесіп, ашық сұхбат жаздым.

Сөз соңында Тәжіғали Елеуовке: «Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болды» дегенімде, ол: «Ол менің ақшама алынған үй» деп айды аспанға шығарды", деп жазды ол. 

Айта кетейік, Рахат Сәрсеновтің сотта ақталып шыққандағы видеосы желіде кеңінен тарап, қоғам талқысына түскен еді. 

Барлық жаңалық