Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Чемпиондар лигасының екінші турындағы үздік ойыншылардың символикалық құрамына енді, деп хабарлайды Ozgeris.info
Әзербайжанның «Сабах» клубында өнер көрсететін қазақстандық голкипердің Праганың «Славиясына» қарсы матчтағы ойыны SofaScore порталында 9,7 балға бағаланды. Осылайша, Покатилов турдың үздік қақпашысы атанды. Аталған кездесуде «Сабах» қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Ал Стас Покатилов алты сейв жасап, өз қақпасына гол жібермеді. Оның сенімді ойыны командасының тарихи жеңісіне үлкен үлес қосты. Бұл — әзербайжандық клубтың Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісі.
Спорт жанкүйері Олжас Иманғазы Стас Покатиловтың ойынына жоғары баға беріп, жерлесінің жетістігіне қуанышты екенін жеткізді.
«Мен жерлесім үшін қуаныштымын. Өте жақсы ойын көрсетті. Оралдық таланттың осындай биік деңгейге жетуі біз үшін әрдайым мақтаныш. «Сабахтың» жеңісіне отандасымыздың қосқан үлесі арта берсін. Шынымен де, Покатилов тамаша сейвтер жасап, өзінің жоғары деңгейдегі қақпашы екенін тағы бір дәлелдеді», – дейді Олжас Иманғазы.
Енді «Сабах» келесі кездесуін 20 қазанда өз алаңында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубына қарсы өткізеді. Қазақстандық қақпашының бұл матчта да жоғары деңгейде өнер көрсетуі жанкүйерлер үшін маңызды болмақ.