Қоғам

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда әйелдің сөмкесінен тапанша мен бес патрон табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға Жетісу ауданында болған. Полиция қызметкерлері әйелді кешкі сағат 17:00 шамасында Райымбек даңғылының бойында ұстаған. Операцияны есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің мамандары жүргізген.

Тексеру кезінде әйелдің сөмкесінен калибрі 9 миллиметрлік тапанша мен бес патрон анықталған. Қару мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Ұсталған әйелдің айтуынша, ол тапаншаны оқиғаға дейін бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тапқан.

Қазіргі уақытта полиция оның сөзін тексеріп, мән-жайды анықтап жатыр.

Барлық жаңалық