Солтүстік Қазақстан облысында бес көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жол апаты 15 қазан күні таңғы сағат 8:00 шамасында «Петропавл – Көкшетау» тасжолында, Кременчуг ауылының маңында болған. Үш жеңіл көлік пен екі КамАЗ соқтығысқан.
«Үш жеңіл көлік пен екі КамАЗ соқтығысып, Audi көлігінде болған үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Көлікті басқарған 20 жастағы жүргізуші мен 57 жастағы жолаушы ауыр жарақат алған. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер ота жасап жатыр. Қалған көліктердің жүргізушілері зардап шеккен жоқ», деп хабарлады ведомство.
Қаза тапқан әйелдер Жамбыл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеген.
Қазір жол апатына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.