Кәсіпкер Бақтияр Құдайберген Аман Тасығанның «Talk Like» бағдарламасында жеке өміріне қатысты сырын бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, отбасылы болғанына қарамастан, басқа қызға ғашық болып қалған.
«Әкеме хабарластым. “Әке, мен бір қызға ғашық болып қалдым. Бірақ әйелім, бала-шағам бар. Ресми түрде екінші әйел аламын”, – дедім. Сол кезде әкем “Балам, сенің қарындасың бар. Оның күйеуі келіп, екінші әйел аламын десе, мен қалай көнемін?” – деді. Мен: “Жоқ, шыдай алмай жатырмын, әлім келмей жатыр”, – деп айттым. Әкем “Балам, былай қылайық. Мен бұл әңгімені естіген жоқпын, сен де айтқан жоқсың. Уақыт өте тоқтайсың”, – деді. Мен оған тоқтай алмайтынымды айттым. Сонда әкем “Мен де жас болдым, мен де қыдырдым. Бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар. Сенің қаңғып, басқа жақта жүргеніңді білемін ғой. Мен сенің бір күні тоқтағаныңды күтіп жүрмін”, – деді», – деп еске алды кәсіпкер.