Павлодардағы мектептердің бірінде белгісіз таблеткалардың өткір иісінен кейін төрт оқушының денсаулығы нашарлады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға 12 қазанда қалалық мектептердің бірінде болған. Павлодар қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқу кабинетінен өткір иісі бар таблеткалар табылған.
«Сабақтан кейін төрт оқушының мазасы қашқан. Тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі ішкі тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылған.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 12 қазанда Павлодар облыстық балалар ауруханасына 2014 және 2015 жылы туған үш бала улану белгілерімен жүгінген.
Кезекші дәрігердің тексеруінен кейін балалар ауруханаға жатқызылмай, амбулаторлық бақылауға жіберілген.