Атыраудағы қанды қылмыстан ата-анасы мен екі бауырынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әлеуметтік желіде Ақбаян Мұқанғалиеваның видеолары тарап, көпшіліктің назарын аударды. Туысының айтуынша, қалыпты өмірге қайта бейімделу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізу керек.
«Бұрын Ақбаян сот орындаушысының көмекшісі болған. Тағдыр тәлкегімен бәрінен айырылған бауырым-ай. Бәріне қайта баулу оңай жұмыс емес», – делінген видеодағы жазбада.
Айта кетейік, Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шыққаннан кейін бес баласымен қауышты. Қазір ол туыстарының қарауында болып, ем алуын жалғастырып жатыр.