Әнші Мақсат Базарбаев 50 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Желіде әншінің туған күнінен видеолар тарады. Өнер иесі айтулы күнін әріптестері, жақындары мен достарының ортасында дүркіретіп атап өткен. Тойға Алтынбек Қоразбаев бастаған бірқатар өнер жұлдызы қатысты.
Қонақтар әншіні мерейтойымен құттықтап, ақ тілектерін арнады. Желі қолданушылары да өнер иесіне жылы лебіздерін білдірді.
«Құтты болсын», «Той керемет болыпты», «Өзі де, келіншегі де қарапайым екен», «Мақсат – біздің сүйікті әншіміз», «Болмысы бөлек әнші», – деп жазды оқырмандар.