Жаңалықтар

Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Ақтөбеде Оңтүстік айналма жолында екі жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі дене жарақатын алды», – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Айбек Борашев.

Аталған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

 

Барлық жаңалық