Танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі Динара Абдуллина әлеуметтік желіде жаңа сурет жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Актриса күйеуімен суретті TikTok желісіндегі парақшасында бөліскен.
«Өзімнен 16 жас үлкен күйеуім»,– деп жазды ол.
Жазба көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
«Динараға жаным ашиды», «Обал-ай мына қызға», «Бақытты болыңдар», «Сәбиттің әйелдерінің бәрі сұлу», «Қызы деп қалдым», – деп жазды оқырмандар.