Спорт

Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың октагонға оралуы туралы пікір білдірді

Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың октагонға оралуы туралы пікір білдірді

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмоновтың октагонға оралуы және оның эквадорлық Майкл Моралеске қарсы ықтимал жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Дана Уайттың айтуынша, Рахмонов пен Моралес арасындағы кездесу 2027 жылдың басында ұйымдастырылуы мүмкін. Сондай-ақ ол алдағы қаңтар-ақпан айларында UFC жанкүйерлерін бірқатар қызықты жекпе-жек күтіп тұрғанын атап өтті.

Алайда Шавкаттың бапкері Эдуард Базров әзірге қазақстандық спортшының октагонға оралатын нақты мерзімі белгісіз екенін айтты. Оның сөзінше, команда қазіргі уақытта тауда жаттығу жиынын өткізіп, алдағы жекпе-жектерге дайындалып жатыр.

Бапкер Майкл Моралесті мықты әрі қауіпті қарсылас деп бағалады. Сонымен қатар, Рахмонов оны жеңген күннің өзінде чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке бірден шығатынына кепілдік жоқ екенін жеткізді. Себебі жартылай орта салмақта титулға үміткер басқа да мықты спортшылар бар.

Бұған дейін Эдуард Базров жоспар ойдағыдай жүзеге асса, Шавкат Рахмонов 2027 жылдың ақпан айының соңы немесе наурыз айының басында октагонға оралуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Майкл Моралес те Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген. Эквадорлық файтердің айтуынша, егер UFC оған басқа қарсылас ұсынса, 2027 жылға жоспарланған өзге кездесуі де бар.

Барлық жаңалық