Латвиялық «Рига» клубының бас бапкері Адриан Гуля алматылық «Қайратпен» өтетін УЕФА Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі матч алдында командасының мақсатын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info
Кездесу бүгін, 15 қазанда, Рига қаласындағы «Сконто» стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 21:45-те басталады. Бұл латвиялық клуб үшін еурокубоктардың негізгі кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ.
Адриан Гуляның айтуынша, команда он жыл бойы тұрақты жүйе қалыптастыруға күш салып, осы кезеңге жету үшін көп еңбек еткен. Енді «Рига» турнирге қатысумен шектелмей, әр матчта жеңіске жетуді көздейді.
«Біз мұнда жай ғана ойыннан ләззат алу үшін келген жоқпыз. Әр кездесуде жеңіске жету үшін күресеміз. Алдымызда алты финал тұр, сондықтан қадам-қадаммен алға жылжуымыз керек», – деді маман.
Сондай-ақ бас бапкер жанкүйерлер қолдауының артқанын атап өтті. Оның сөзінше, еурокубок іріктеуінің алғашқы ойындарында стадионға шамамен 1500 көрермен келсе, соңғы матчта олардың саны 7000-ға жеткен. Гуля жанкүйерлердің қолдауы командаға «Қайратқа» қарсы тарихи жеңіске жетуге көмектеседі деп үміттенетінін жеткізді.