Қоғам

«Жұрт тараған соң өзі отырып жылады»: Сәкен Майғазиевтің анасын жоқтаған видеосы тарады

«Жұрт тараған соң өзі отырып жылады»: Сәкен Майғазиевтің анасын жоқтаған видеосы тарады

Желіде анасынан айырылған Сәкен Майғазиевтің қабір басында жалғыз қалып жылаған видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Бұл туралы жерлеу рәсіміне қатысқан әншінің жақыны жазды. Ол Сәкеннің видеосын жариялап, ана қадірі туралы айтты. 

"Жұрт тараған соң, @saken_maigaziyev ағамыздың анасы Ұлтай әжеміздің басында жалғыз қалып, Құран оқып, жылағанын көріп, жүрегім елжіреді…

Анадан айырылудың қандай ауыр екенін бүгін терең сезіндім. Анаға деген махаббат пен сағыныштың шегі жоқ екен…

Артында осындай иманды, парасатты ұрпақ қалдырған Ұлболсын әжеміздің жатқан жері жайлы, қабірі нұрлы болсын! Алла күнәларын кешіріп, жәннаттан орын нәсіп етсін!

Ана жүрегі балам деп соқса, бала жүрегі анам деп мәңгі соғады…", деді ол. 

Барлық жаңалық