Қоғам

«Мен тәте емес, милфамын»: Дильназ Ахмадиеваның жаңа әні қызу талқыланып жатыр

«Мен тәте емес, милфамын»: Дильназ Ахмадиеваның жаңа әні қызу талқыланып жатыр

Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева «Азия» тобымен бірге жаңа ән шығарды. Milfa деп аталатын туынды әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды  Ozgeris.info.

Клипте Ахмадиева қазақ тілі мұғалімінің бейнесінде көрінеді. Әнде мынадай жолдар бар:

«Мен қандай тәте? Тәте деген - қате, тым болмаса милф деп ата».

Қазақ тілінде «тәте» сөзі жасы үлкен әйелге құрметпен қарата айтылатын сөз ретінде қолданылады.

Клиптің идеясы мен әншінің мұғалім бейнесіне енуі желі қолданушыларының сынына ұшырады. Ал кейбірі видеоны әзілмен қабылдаған.

Пікір қалдырушылардың арасында:

  • «Мен қандай тәте?»

  • «Енді оқушылар мұғалімдерін “милф” деп атай ма?»

  • «Ұят. Оқу орны, мұғалім мен оқушыға лайықсыз әрекет».

  • «Неге дәл қазақ тілі мұғалімі? Оның үстіне, менікіндей көзілдірік тағып алған. Күлкімді тоқтата алмай отырмын».

  • «Мұғалім бейнесін сексуалдандыруды қашан қояды?»

  • «Актерлік шеберлік тұрғысынан жақсы, бірақ мектептегі жағдайды көрсетудің қажеті жоқ еді», — деп жазған желі қолданушылары.

   

 

Барлық жаңалық