Құрылтай депутаттары «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттерді іске асыруға, атап айтқанда, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға, барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және инфрақұрылымды қарқынды дамытуға бағытталған.
Жобаға сәйкес, алдағы орта мерзімді кезеңде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны 5,4%-ды құрайды. Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2027 жылы 7,5-9,5% деңгейінде белгіленіп, 2029 жылға қарай 6%-ға дейін төмендейді деп күтілуде. Республикалық бюджет тапшылығын кезең соңына қарай ЖІӨ-нің 0,4%-ына дейін қысқарту, ал меншікті кірістерді 23,4 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт көлемі біртіндеп азайтылып, 2 трлн теңгеге дейін төмендейді.
2027 жылы меншікті кірістер 19,9 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. Оның басым бөлігін салық түсімдері құрайды. Сондай-ақ 5,5 трлн теңге көлемінде трансферт түседі деп күтілуде. Республикалық бюджет шығыстары 30,2 трлн теңге көлемінде жоспарланған. Оның үштен бірінен астамы ғылым, білім беру және медицина салаларын қолдауды күшейту арқылы адами капиталды дамытуға бағытталады. Өзге басым бағыттардың қатарында өңірлерді қолдау, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және басқа да міндеттер бар.
Атап айтқанда, келесі жылы экономиканың нақты секторын дамытуға 3,7 трлн теңге қарастырылған. Бұл қаражаттың басым бөлігі көлік инфрақұрылымына, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, кәсіпкерлікке және цифрлық дамуға бағытталады. Автомобиль жолдары мен өткізу пункттерінің құрылысы, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті дамыту, ғарыш саласындағы жаңа жобаларды іске асыру және агроөнеркәсіп кешені жобаларын қолдау жалғасады.
Заң жобасын қарау барысында депутаттар ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар мәселені көтерді. Олардың қатарында макроэкономикалық болжамдардың дәлдігін арттыру және бюджеттің меншікті кірістерінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету бар. Сондай-ақ Ұлттық қордың тұрақтандыру және жинақтау функцияларын сақтай отырып, одан берілетін трансферттерге тәуелділікті азайту қажеттігі атап өтілді.
Депутаттар бюджет шығыстарының тиімділігін арттыруға және жоспарлау сапасын жақсартуға ерекше назар аударды. Сонымен қатар мемлекеттік борышты, оған қызмет көрсету шығындарын және оны өтеу көздерін бақылаудың маңыздылығын атап өтті.
Қоғам
Құрылтай алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады
14.10.2026
40
-
Ақын Серікзат Дүйсенғазының отбасы қара жамылды13:26, 14 қазан 2026
-
-
Құрылтай алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады12:56, 14 қазан 2026
-
-
«Құны бір машина»: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығымен бөлісті12:15, 14 қазан 2026
-
«Отбасының цифрлық картасы» отбасылардың табысы мен шығысын ескереді12:00, 14 қазан 2026
-
«Челси» Дастан Сатпаевтың «Бернли» сапында алаңға шығуына тыйым салды11:59, 14 қазан 2026
-
«Іші шығып қалған»: Динара Сәтжанның жүктілігі жария болды11:37, 14 қазан 2026
-
«Ауқаттылар тек өздеріне сенсін»: Бектенов әлеуметтік қолдау жүйесін өзгертпек11:20, 14 қазан 2026
-
Астанада интимдік қызмет ұсынған такси жүргізушісі жауапқа тартылды11:20, 14 қазан 2026
-
«Дариғаның домбырасын қайтар»: Бадықованың бұрынғы күйеуі ішіндегісін термемен айтты15:37, 13 қазан 2026
-
«Мен кетемін, әйелі қалады»: Майғазиевтің марқұм анасының айтқан өсиеті тарады10:21, 14 қазан 2026
-
«Жерге таптамаңдар»: Олжас Абайдың жазбасы жұрттың ашуына тиді17:50, 13 қазан 2026
-
Әнші Сәкен Майғазиев қара жамылды17:42, 13 қазан 2026
-
«Өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова экс-күйеуі туралы айтты09:00, 14 қазан 2026
-
Павлодарда 18 жастағы жігіт мотоциклмен жылқыға соғылып, қаза тапты15:27, 13 қазан 2026
-
-
«Іші шығып қалған»: Динара Сәтжанның жүктілігі жария болды11:37, 14 қазан 2026
-
«Қырғын болып, ажырасуға дейін барады»: Жанар Айжанова белең алған дәстүрді сынады15:51, 13 қазан 2026
-
«Құны бір машина»: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығымен бөлісті12:15, 14 қазан 2026
-
«Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті12:56, 08 қазан 2026
-
«Бетіне айтып тастадым»: Әбдіжаппар Әлқожа әпкесі Роза туралы жазды14:49, 10 қазан 2026
-
«Осындайларға заң керек»: Күйеуінің көзіне шөп салған әйелдің видеосы тарады09:55, 07 қазан 2026
-
«Сен біреудің қуанышысың»: Олжас Абайдың экс-әйелі күтпеген жазба жариялады11:10, 13 қазан 2026
-
«Гүлнұрға обал»: Оразымбетованың күйеуімен түскен видеосы талқыға түсті08:58, 07 қазан 2026
-
«Жалғызбасты әйелдің етегін бәрі ашады»: Дана Нұржігіт күтпеген жазба жариялады14:23, 09 қазан 2026
-
«Қаңғып жүргеннен сол артық»: Бақыт Тұрман «Қарттар үйінде» тұратынын айтты13:41, 07 қазан 2026
-
«Есеппен шыққан жоқпын»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбектің жұлдызын жаққанын айтты11:54, 08 қазан 2026
-
«Қазақ халқы ұлы ақынынан айырылды»: Ақберен Елгезек жайсыз хабар айтты15:57, 12 қазан 2026
-
«Көзі үңірейіп, жүдеп кетіпті»: Саят Медеуовтің қазіргі күйі көпті алаңдатты16:44, 09 қазан 2026
-
«Ақшаны өзі ұстайды, қатал адам»: Гүлнұр Оразымбетова 70 жастағы күйеуі туралы айтты13:38, 15 қыркүйек 2026
-
«Олигархтар мен шенеуніктер жиналған»: Назарбаевтың ұлы Тауманның тойы қалай өтті11:58, 15 қыркүйек 2026
-
«Анасы онкологиямен ауырады»: Қаза тапқан сарбаз Алмастың отбасы ауыр жағдайда13:51, 27 қыркүйек 2026
-
«Анамның інісі зoрлады»: Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты жариялады13:17, 23 қыркүйек 2026
-
«Ақтауға барғанына бір ай ғана болған»: Түркістандық лейтенант туралы не белгілі13:24, 26 қыркүйек 2026
-
«Формадағы солдат суда тұр»: Көріпкел Каспийдегі жайтты алдын ала болжаған09:36, 28 қыркүйек 2026
-
«Баламның ішінде өкініш бар»: Аман қалған сарбаздың анасы жазбасымен елді жылатты11:39, 26 қыркүйек 2026
-
«Биыл қатыным өлді»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойдағы мәлімдемесі жұртты шошытты08:41, 01 қазан 2026
-
«Мынадай командирлерден Құдай сақтасын»: Маңғыстаулық блогер теңізде не болғанын айтты15:12, 24 қыркүйек 2026
-
«Болатын нәрсе сандыққа салып қойсаң да болады»: Нұрлан имам қара жамылғандарға басу айтты11:57, 26 қыркүйек 2026