Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі өткенді ойлап өмір сүруден гөрі, алға ұмтылып, болашаққа сеніммен қарауды таңдағанын айтты.
«Мен өткен өмірімді жария етпесем де, өткенім туралы ән айтпасам да, басымнан өткен тағдырымды киноға айналдырмасам да, өз тарихым бар!Мен өткеніммен өмір сүргім келмейді. Мен тек алға жылжуды таңдадым. Жақсы күндердің келетініне сендім. Бақыттың да, махаббаттың да, ғажайып сәттердің де маған бұйыратынына сендім. Сол сенімімнің сыйындай болып, өміріме осындай ғажап күн келді. Сол күннің құрметіне маған ән арналды. Бұл ән – бүгінімнің бақыты. Бұл ән – жараланған жүректің зары емес, қайта бақытқа сенген жүректің жеңісі. Менің өткен өмірім жоқ. Менің тек бүгінім мен келешегім бар! Өйткені мен өткенімді әңгіме етуді емес, болашағымды әдемі етуді таңдаған әйелмін. Осындай әнге рақмет, Шампон!» – деп жазды актриса.