Қоғам

«Қырғын болып, ажырасуға дейін барады»: Жанар Айжанова белең алған дәстүрді сынады

«Қырғын болып, ажырасуға дейін барады»: Жанар Айжанова  белең алған дәстүрді сынады

Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова «Айтарым бар» бағдарламасында тойдағы торт кесу дәстүрінің  зияны туралы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Әлеуметтік желіні ашсаң, торт деген бәле болды. Осы тортты бермесе екен деп ойлаймын. Тойда көп жүремін. Сол тортты берсе екен, “Екі жастың тәтті торты келе жатыр” деп ананың әке-шешесі жетіп келеді, мынаның әке-шешесі жетіп келеді. Торттың кесірінен қырғын болып, ажырасуға дейін барады. Торт жемей жүргендей, екі жастың тортына құрып кеткір! Екеуі ауыз тисін де, даяшыға берсін, барлығымыз ауыз тиеміз. Әке-шешеге емес, ырым болсын, жұғысты болсын деп кішкентай баланы шақырып берсін. Жалғыз қазақ елінде емес, көп жерде торттың әңгімесі солай. Қазіргі заманның тозығы – тортты беру деп айтатын едім», – деді Жанар Айжанова.

Барлық жаңалық