Танымал тележурналист Гүлбаршын Зайырова әнші әрі актриса Мөлдір Мұқановаға қымбат әшекей тарту етті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Белгілі болғандай, тележурналист Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың тойында Мөлдір Мұқанға 33 миллион теңге тұратын Tiffany әшекейін сыйлаған. Өнер иесінің айтуынша, әшекейдің құны бір көліктің бағасына тең.
«Мәә, қатты қуанып тұрмын. Мен үшін де бүгін тосын сый болды. Мойнымдағы әшекейге назар аударайық. Мүшелден мүшелге аман-есен жете бер, әпке! Қатты қуанып тұрмын. Оригинал Tiffany, құны бір машина», — деді ол.