Астанада жолаушыға әдепсіздік танытқан такси жүргізушісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сот мәліметінше, оқиға 11 қазанда таңғы сағат 07:00 шамасында болған. Ал жүргізушінің ісі кеше, 13 қазанда қаралған. Жүргізуші жолаушыға бірнеше рет интимдік сипаттағы ұсыныс жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Сот жүргізушіге қатысты істі ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, яғни Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша қарады.
Сот оның кінәсін мойындағанын және құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескеріп, 10 тәулікке қамаққа алу туралы шешім шығарды.