Қоғам

Қарағанды облысында күйеуі әйелін пышақтаған

Қарағанды облысында күйеуі әйелін пышақтаған

Полицияға жедел жәрдем диспетчерінен Абай қаласының 28 жастағы тұрғыны пышақ жарақатымен медициналық көмекке жүгінгені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ретінде жәбірленушінің 34 жастағы күйеуі анықталып, ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, оның барысында ер адам әйеліне пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық