Әлеуметтік желіде күтпеген видео қызу талқыланып жатыр. Кадрдан актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев пен Олжас Абайдың экс-жары Аймира Аманды көруге болады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Желіде тараған видеода екеуінің бірге жүргені байқалады. Бір қызығы, Дархан Мұсаевтың қолында гүл шоғы бар. Бұл көрініс желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі болжам мен әзілге себеп болды.
Желі қолданушыларының бірі: «Енді осы екеуі үйленіп кетсе, қызық болады», – деп жазса, енді бірі жағдайды үнді фильмдеріндегі оқиғаларға теңеген.
«Үнді киносынан кем емес», «Күтпеген жұп болайын деп тұр ма?» деген сарындағы пікірлер де кездеседі.
Әзірге қос тараптың қарым-қатынасына қатысты ресми мәлімдеме жоқ. Ал олардың бірге түскен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.