Қоғам

Маңғыстауда автобус қағып кеткен мұнайшы оқиға орнында көз жұмды

Маңғыстауда автобус қағып кеткен мұнайшы оқиға орнында көз жұмды

Маңғыстау облысында вахталық автобус мұнайшыны қағып кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды,деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Қайғылы оқиға Ақтау – Қаламқас тасжолының 170–171-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Қаражанбас кен орнына қарай бағыт алған Daewoo маркалы вахталық автобус аялдама маңында жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Қаза тапқан азамат «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкері болған. Компания оның қайтыс болғанын растады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Автобус арнайы тұраққа қойылып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары жол апатының мән-жайын анықтауда.

Айта кетейік, өңірде бұған дейін де вахталық көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелген. 2024 жылдың қарашасында Қаражанбас – Ақтау тасжолында мұнайшылар мінген автобус жылқымен соқтығысқан. Салдарынан бірнеше жұмысшы жарақат алып, олардың бірі екі аяғы сынған күйде ауруханаға жеткізілген.

 

Барлық жаңалық