Қоғам

Гарвардқа түскен оқушы: шындықты ашқан адам өз ұстанымын түсіндірді

Гарвардқа түскен оқушы: шындықты ашқан адам өз ұстанымын түсіндірді

Threads желісіндегі daniyalsul қолданушысы соңғы уақытта қызу талқыланып жатқан жағдайға қатысты мәлімдеме жариялады,деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Оның айтуынша, бастапқы жазбасының мұндай ауқымда таралатынын күтпеген. Сондай-ақ ол басқа адамдарды әшкерелеу немесе тергеу жүргізу ниеті жоқ екенін атап өтті.

Даниалдың сөзінше, оның басты алаңдаушылығы – жалған жетістіктерге негізделген курстарды сатып алып, адамдардың қаржылық шығынға ұшырау ықтималдығы.

Сонымен қатар ол аталған оқиғаға қатысы бар қызға қатысты интернетте жағымсыз пікірлердің көбейгеніне назар аударды. Қолданушы ешкімді қорламауға, қудаламауға және мәселені жеке басқа өтпей, нақты фактілер негізінде талқылауға шақырды.

Сондай-ақ Даниалдың өзін басқа адамдарды әшкерелейтін контенттің авторы ретінде көрмейтінін жеткізді. Оның айтуынша, парақшасына алдағы уақытта да осындай әшкерелеулерді күтумен жазылғандар қалаған жағдайда жазылымнан бас тарта алады.

Ол жазба соңында оқырмандарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, сұрақтарға пікірлер бөлімінде жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.

Барлық жаңалық