Шоу-бизнес

"Қайдағы жоқты еске түсіріп": Мөлдір Әуелбекова сахнада еңкілдеп жылап жіберді (ВИДЕО)

"Қайдағы жоқты еске түсіріп": Мөлдір Әуелбекова сахнада еңкілдеп жылап жіберді (ВИДЕО)

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова гастрольдік сапарларының бірінде «Арман алдамайды» әнін орындау кезінде көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Әнші бұл сәттің видеосын жеке парақшасында жариялап, ән айту барысында жеке өміріне қатысты естеліктер ойына оралғанын айтқан. Сахнада отырған оның ата-анасы да қызының эмоциясына қосылып, толқуын жасыра алмады.

«Әнде эмоция өмір сүреді екен. Сезім сиқыр. Қайдағы жоқты еске түсіріп», – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің көңіл күйін түсініп, қолдау білдірді. Олар жылы тілектерін жолдап, әннің әсерінен өздері де толқығандарын жазған.

Алайда кейбір оқырмандар сахнада жиі жылауды дұрыс емес деп бағалап, әртіс эмоциясын ұстай білуі керек деген пікір қалдырды. Олар әнші бұл әнді орындағанда үнемі көз жасына ерік беретініне назар аударып, түрлі сын пікірлерін де білдірген.

Барлық жаңалық