Жаңалықтар

"Мен сені өлтіремін, тышқақ": Қарсыласы Жәнібек Әлімханұлына

"Мен сені өлтіремін, тышқақ": Қарсыласы Жәнібек Әлімханұлына

Жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичтің (21-0, 13 КО) менеджері Айзек Пич орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) бағыттап ауыр сөздер айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

"Олар (Жәнібек пен командасын меңзегені) - бокстың масқарасы. Олардың бізге істегені масқаралық (жекпе-жектің шілдеде өтпей қалуы). Біз өкпеліміз және осы үшін жауап бересіңдер, сайтан алғыр", - деді Айзек.
Михайлович те менеджерін қостап Әлімханұлына қарата:
"Мен сені өлтіремін, тышқақ", - деді.
АҚПАРАТ VESTI.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН
Барлық жаңалық