Әлеуметтік желіде танымал адамдардың отбасылық құпиялары қызу талқылануда. Қазақстандықтар қай жұлдыздардың екі айырылысқанын және алдағы уақытта кімдердің ажырасатынын сөз қылып жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
"zhazira_17" есімді қолданушы оқырмандарын ерекше тақырыпқа бұрды. Желі белсендісі осыдан он алты сағат бұрын жеке парақшасында жаңа жазба қалдырған. Автор ешкімнің отбасылық сәтсіздіктен толық қорғалмағанын ескертті. Содан кейін жұртқа ашық сауал тастады. Ол адамдардан қай жұптың ұзаққа бармайтынын алдын ала қалай сезгенін сұрады.
Қызықты әңгімені желі белсендісі өзі бірінші болып бастады. Дәлел ретінде екі түрлі танымал жұптың суретін жүктеген. Бірінші фотода Мағжан Тлеуханов пен Әсел Сәдуақасова бейнеленген. Олар қолдарына көк түсті неке куәлігін ұстап тұр. Екінші суретте Сәбина Алтынбекова бұрынғы күйеуімен отыр. Оның бұрынғы жолдасы танымал кәсіпкер Саят Салманұлы. Қазіргі уақытта бұл қос жұптың да шаңырағы шайқалып, ресми түрде ажырасқан.
Ал осыған қалдырылған пікірлерге қарасақ: Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш, Наима Байсафа мен Руслан Хайруллаев, Алихан Байзақов пен Стефания, Айжан Байзақова мен Нұрбек Арыстан, Шако (Шәріп Серік) мен Сеймо (Say Mo — Мөлдір Есембек), Ерке Есмахан мен Raim (Райымбек Бақтыгереев), Биназир Ермағанбетова (Bika Breezy) мен Фарангиз Ахмедова, сынды жұлдыздарды жазып жатыр.