Танымал актриса Дариға Бадықова актер Олжас Абаймен бірге түскен суреттерін жариялап, ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі Олжас Абаймен бас қосқанын айтып, көпшіліктен тек бақыт тілеуін сұрады.
«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған. Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», – деп жазды Дариға Бадықова.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың құдалығы қызу талқыланған еді. Сондай-ақ актриса сырғалым атанып, қазақтың жөн-жоралғылары жасалды.