Қоғам

Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

11–14 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мен Бельгияның Корольдік жұбы «Қазақстан–Бельгия» іскерлік кеңесінің төртінші отырысына, екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына және өзге де бірқатар іс-шараға қатысады деп жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

 

Барлық жаңалық