Қоғам

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

Алдын ала мәліметтер бойынша, сатылған билеттер саны концерт өтетін алаңның белгіленген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Соның салдарынан адамдар жаппай жиналып, көрермендердің қауіпсіздігіне қауіп төнген.

Адамдар арасындағы кептеліс салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желілерде таралып жатқан адамдардың қаза тапқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қаза тапқандар жоқ.

Концертті ұйымдастырушы, 1984 жылы туған Л. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Шымкент қаласының Полиция департаменті.

Полиция тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.

 

Барлық жаңалық