Алматыда әйелге тиісіп, оның бөксесінен ұстаған шетелдік турист 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Ozgeris.info
Оқиға Терренкүр аллеясында болған. Полиция құқық бұзушыны ұстап, сотқа жеткізген.
Сонымен қатар, оның Қазақстанда әрі қарай болу мәселесі қарастырылмақ. Полиция заң алдында барлығы бірдей жауап беретінін ескертті.