Қоғам

«Жартыбас»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы ашуға булықты

«Жартыбас»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы ашуға булықты

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы күйеуінің сырт келбетін сынап, тіл тигізгендерді орнына қойды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде әзілкештің сырт келбетіне қатысты орынсыз пікір жазатындар көп.

«Осы «жартыбас» деген сөзді жиі жазады адамдар. Сонда қалай? Бір қолы, аяғы, көзі жоқтарды да солай «жарты қол», «жарты аяқ» деп атай аламыз ба? Бұл не деген көргенсіздік? Алла денсаулықпен сынамасын ешкімді. Өзгені кемсітіп, мазақ қылуға ешкімнің құқығы жоқ. Ешкім мүгедек, ауру немесе соқыр боламын деп ойламайды, болғысы да келмейді», – деді Айман Талғатқызы.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов туған жерінде 47 жасын дүркіретіп атап өтті. Алайда мерекелік шараға әзілкештің балалары қатысқан жоқ.

Барлық жаңалық