Шымкенттегі Қайрат Нұртастың концертінен кейін 18 жастағы қыз жаесақтау бөліміне түскен,деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Адамдардың көп жиналуына байланысты келушілердің бірі зардап шекті. Қыз медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында.
Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Ұйымдастырушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.