Спорт

«Қайрат» клубынан қаралы хабар жетті

«Қайрат» клубынан қаралы хабар жетті

Қазақстанның танымал футболшысы, «Қайрат» футбол клубының ардагері, кеңестік кезеңнің атақты қақпашысы әрі  жаттықтырушы Александр Убыкин өмірден өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Александр Убыкин 1976–1987 жылдары «Қайрат» сапында ойнады. Осы уақыт аралығында КСРО чемпионаттарында 257 матч өткізіп, қазақстандық футбол тарихының дамуына үлес қосты.

Ойыншылық мансабын аяқтаған соң ол жаттықтырушылық жолға түсіп, тәжірибесін өзі шыққан клубтың жас футболшыларына үйретті.

«Қайрат» клубы спортшының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Клуб өкілдері оның есімі команда тарихында және жанкүйерлер жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.

Барлық жаңалық