АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Зеленскийдің орнына басқа көшбасшы келуі керек екенін айтып, оны Ресеймен қақтығысты аяқтау жөнінде келісім жасасуға құлықсыз деп айыптады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
«Қандай да бір себеппен Зеленский ешқашан келісімге келмейді. Оның көптеген мүмкіндігі болды, бірақ ол бүкіл әлемге қиындық туғызғысы келеді», — деді Трамп журналистерге.
Америкалық көшбасшы мысал ретінде мұнай өңдеу зауыттарына жасалған соққыларды атап өтті. Оның айтуынша, мұндай шабуылдар АҚШ фермерлеріне де қиындық туғызады.
Сондай-ақ Трамп Украинаны қақтығысты аяқтау жөнінде келісімге келе алатын басшыны табуға шақырды.