Әнші Нұрғали Нүсіпжанов денсаулығына байланысты оңалтудан өтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Реабилитация туралы жазған ол әйелі Жадыраға ақиық ақын Мұқағалидің өлең жолдарымен алғыс айтты.
"Реабилитация…
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
Серіппесі үзіліп тұрса-дағы
Жігітінен қазақтың дос таба алмай
Қыз да болсаң, мен саған, мұң шағамын…", деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары болса, әншіге денсаулық тілеп ақ тілектерін арнады.