Қоғам

«Бәрін әлдеқашан кешірдім»: Арай Әлімхан басынан өткен зорлықты айтып берді

«Бәрін әлдеқашан кешірдім»: Арай Әлімхан басынан өткен зорлықты айтып берді

Танымал журналист Арай Әлімхан бала кезінде басынан өткен ауыр оқиғалар туралы айтып, әлі күнге дейін ұйқысының тыныш еместігін жеткізді,деп хабарлайды Ozgeris.info

Оның айтуынша, өзіне қиянат жасаған адамдардың басым бөлігі өмірден өткен. Қазір олардың екеуі ғана тірі екенін жазған.

Арай бала кезінен бері ұйқысының нашар екенін, тіпті кішкентай дыбыстан оянып кететінін айтқан. Түрлі дәрі-дәрмек те көмектеспегендіктен, үнемі сақ жүруге мәжбүр болған.

Сондай-ақ ол балаларын тек өзі сенетін жақындарына ғана қалдыратынын және оларға кез келген жағдайды анасынан жасырмай айтуды үйреткенін жеткізген.

Жазба астына пікір қалдырған желі қолданушысы өзін ренжіткен адамдарды тауып, кек алуды ұсынған. Алайда Арай бұл ұсынысқа келіспей, бәрін әлдеқашан кешіргенін айтқан.

«Білесің бе, өмірдің өзі оларды әбден қажытты. Мен бәрін әлдеқашан кешірдім. Оларға жамандық тілегім келмейді», — деп жауап берген ол.

Барлық жаңалық