Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25-26 қараша күндеріРесей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.
Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.