Шоу-бизнес

«Төреғали болғанда сазайын берер еді»: Қайрат Нұртастың көрермені басына телефон лақтырды

«Төреғали болғанда сазайын берер еді»: Қайрат Нұртастың көрермені басына телефон лақтырды

Алматыда өткен концерт кезінде Қайрат Нұртасқа фан-аймақтан телефонға немесе пауэрбанкке ұқсайтын зат лақтырылып, әншінің басына тиген,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға әнші көрермендерге қарап ән орындап тұрған сәтте болған. Қайрат Нұртас жағдайға сабырмен қарап, тек жымиып қойған.

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне қатысты пікір білдіріп, оның реакциясын әзілмен талқылаған.

«Жаным сол, қандай керемет, жай ғана жымиып тұр», – деп жазғандардың бірі.

Ал кейбір қолданушылар Қайрат Нұртасқа зат лақтырылған жағдайды басқа әншілердің реакциясымен салыстырған.

«Төреғали болса, бұлай қалмас еді», «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді», – деп әзілдеген олар.

Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда 4 қазанда жеке концертін өткізді. Бұған дейін әнші Астанадағы «Астана Аренада» да ауқымды концерт берген.

Барлық жаңалық