Қоғам

«Нығматулиннен Тасмағанбетовке дейін»: Белгілі Халық әртісінің тойы қалай өтті (ВИДЕО)

«Нығматулиннен Тасмағанбетовке дейін»: Белгілі Халық әртісінің тойы қалай өтті (ВИДЕО)

Қазақстанның Халық әртісі, актер әрі режиссер Досхан Жолжақсыновтың 75 жылдық мерейтойы желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларға сәйкес, тойға өнер жұлдыздары мен саясат, бизнес саласында танылған бірқатар тұлғалар қатысқан. Алматыда дүркіреп өткен той желі қолданушыларының назарын бірден аударды.

Қонақтар қатарында Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов, бұрынғы мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, ағайынды Нығматулиндер, Президенттің бұрынғы көмекшісі Тамара Дүйсенова, Сенаттың экс-депутаты Қуаныш Сұлтанов, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов бар.

Айта кетейік, мерекелік кештің алғашқы құттықтау сөз кезегі – Иманғали Тасмағамбетовке берілген.

 

Барлық жаңалық