Түнгі уақытта Алматы қаласының тұрғыны «102» арнасына хабарласып, бұрынғы жігіті жеке фотосуреттерін интернетте жариялаймын деп қорқытып жүргенін айтқан,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға орнына Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері барған. Тексеру барысында бұрынғы жұп арасында жанжал болғаны анықталды.
Мән-жайды анықтау үшін екі азамат та Алмалы аудандық Полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның өзге де мән-жайларын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.