Қоғам

Жұлдыз Әбдікәрімова сымбатты болудың сырын айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова сымбатты болудың сырын айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сымбатты қалпын қалай сақтайтынын айтып берді. Оның сөзінше, ол арнайы диета ұстамайды әрі калория санамайды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Мен ешқашан арнайы диета ұстап, калория санаған емеспін. Бірақ алдыма келгеннің бәрін жей бермеймін. Артық тамақтанбаймын, тойып алып, ішім кеуіп кеткенше жемеймін. Аз-аздан тамақтанамын, өзім қалаған тағамды да шектемеймін. Сонымен қатар дәрумендерді тұрақты түрде қабылдаймын», – деді Қайрат Нұртастың жұбайы.

Актриса сымбатты болуына үнемі қозғалыста жүруі де әсер ететінін айтты. Спортпен тұрақты айналысуға әрдайым уақыты бола бермесе де, жұмысының арқасында үнемі қозғалыста жүреді.

«Ең алдымен, бұл қозғалысқа байланысты деп ойлаймын. Мен ешқашан ұзақ ұйықтауға жол бермедім. Спортпен тұрақты айналыспасам да, жұмысымның арқасында үнемі қозғалыста жүремін. Келесі айдың әр күні жоспарланғанын ұнатамын. Ертең не істеймін деп ойлап отыратын бос уақыт болғанын ұнатпаймын», – деп бөлісті Әбдікәрімова.

Соңында актриса қажет болмаса, тоңазытқышты ашпауға және асүйге сирек кіріп тұруға кеңес берді.

 

Барлық жаңалық