Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Бекет Қуандық әскерден оралғаннан кейін түрлі сый алуда, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.
"ҚҰРМАШ АҒА, ЕРНҰР БАУЫРЫМ, ЖЫЛҚЫ СЫЙЛАҒАНДАРЫҢЫЗҒА КӨП РАҚМЕТ! НИЕТТЕРІҢІЗГЕ АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН. ЖАҚСЫЛЫҚТАРЫҢЫЗ ӨЗДЕРІҢІЗГЕ ЕСЕЛЕП ҚАЙТСЫН!", деп жазды ол тұлпарға ие болып.
Осыдан кейін парақшасында су жаңа телефон сыйлыққа алғанын бөлісті. Десе де желі қолданушылары Бекеттің көзінде мұң барын жарыса жазуда.