Әлеуметтік желі қолданушысы қызының көлік ұтып алғанына қарамастан, жүлдесі табысталмағанын айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, қызы бір жыл бұрын байқауға қатысып, тележүргізуші Аша Матай мен блогер Камила Саян жеңімпаз ретінде хабарлаған. Алайда арада бір жыл өтсе де, ұтып алған көлігін бермеген.
«Қызым көлік ұтып алды. Бір жыл өтті. Көлік қайда? Өтінемін, осы видеоны қарап шығыңыздар. Бұл жерде өздеріңіз менің қызымды жеңімпаз деп жариялап, оған көлік ұтып алғанын хабарлағансыздар. Арада бір жыл өтті, бірақ қызымның көлігі әлі күнге дейін табысталған жоқ. Неге? Не болды? Қызым көлігін қашан алады? Мен бұл мәселені жанжал шығару үшін жариялап отырған жоқпын. Қарапайым әрі нақты жауап алғым келеді», – деді ол.
Желі қолданушылары жазбаға пікір қалдырып, жағдайға қатысты наразылықтарын білдірді.