Қоғам

«Ұлтқа кері әсерін тигізіп жүр»: Танымал этнограф Баянға шүйлікті

«Ұлтқа кері әсерін тигізіп жүр»: Танымал этнограф Баянға шүйлікті

Этнограф, тарихшы Тұрар Сәттарқызы сахнада ұлттық құндылықтарға қайшы, қазаққа жат әрекеттерді көрсетуге қарсылық білдірді,  деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Ол бұл туралы “Adam Adam” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. 

«Кешью тобының продюсерімен де, басқасымен де бас араздығым жоқ. Бірақ ол кісілер бала тәрбиесінде, қазақтың құндылығына қатысты дүниелерге тиіссе,  мен айтамын. Олар ұрпақ тәрбиесінің кері кетуіне әсер етіп жатыр. Нақтырақ айтсам, ер адамның бас киімін жерге тастауға, аяғынан аттауға болмайды. Ол — әйелді төмен санау емес. Қазақ қоғамында екеуінің де құқығы тең. Бірақ, ел шетіне жау тисе, бізді ер азаматтарымыз қорғайды. Ал біз ер азаматты басынан теуіп, үстінен аттап жатқан дүниені насихаттасақ, сахна мәдениеті қайда?! Жалпы әйел болсын, еркек болсын сахнада тебу деген масқара!», – дейді ол.

 

Барлық жаңалық