Қоғам

«Қайран, Арекем»: Сәкен Майғазиев марқұм композитор туралы жазды

«Қайран, Арекем»: Сәкен Майғазиев марқұм композитор туралы жазды

Танымал әнші Сәкен Майғазиев композитор әрі әнші Арман Дүйсеновті еске алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм Арман Дүйсеновпен түскен суретін жариялады.

«Қайран, Арекем. Арман Дүйсенов досымызды еске алу кешіне Оралға ұшып бара жатырмын. Оралдықтар, кездескенше!», – деді әнші.

Айта кетейік, бүгін Орал қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші Арман Дүйсеновті еске алуға арналған «Арман» атты кеш өтеді.

Еске алу кешіне Айгүл Иманбаева, Ақбота Керімбекова, Кешью тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Ажар Назар секілді өнер жұлдыздары қатысады.

Барлық жаңалық