Шоу-бизнес

«Анамды араластырмаймын»: Тәуекел Мүсілім күтпеген мәлімдеме жасады

«Анамды араластырмаймын»: Тәуекел Мүсілім күтпеген мәлімдеме жасады

Актер Тәуекел Мүсілім жеке өмірі мен отбасы тәрбиесіне қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info. 


Өнер иесі ерлі-зайыптылардың отбасына  жақындары мен туыстарының  араласпауы керегін айтты.

«Мен анама үнемі жұмсақ түрде түсіндіруге тырысамын. Анам балаларымның тәрбиесіне араласып: “Өте ерке, көп ойыншық алып бересің, еркелетіп тастағансың” деп айтады. Мен оған: “Мама, сіздердің кездеріңіздегі тәрбие қазір жұмыс істемейді” деп айтамын. Қазір әйеліме де “Ертең ұлдарымыз үйленеді. Әрқайсысының өз әйелі болады. Сол кезде олардың отбасына араласпайықшы” деп айтып қоямын», – деді Тәуекел Мүсілім.

Барлық жаңалық