Жаңалықтар

Отбасылық жанжал болған: Шымкентте әйелі күйеуін пышақтап өлтірді

Отбасылық жанжал болған: Шымкентте әйелі күйеуін пышақтап өлтірді

Шымкентте ер адам отбасылық жанжал кезінде пышақ жарақатын алып, көз жұмды. Қазіргі таңда осы факті бойынша қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Алдын ала мәлімет бойынша, 24 қыркүйекте ер адам мен әйел арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал болған. Соның салдарынан ер адам пышақ жарақатын алған, – деді полиция.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиға Шымкенттің Самал-3 шағынауданында болғаны туралы ақпарат тараған. Кейбір тұрғындар жанжалдың мән-жайына қатысты түрлі болжам айтқан. Алайда бұл нұсқалар әзірге полиция тарапынан ресми түрде расталған жоқ.

Полиция қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.

Қайғылы оқиға салдарынан ер адамның артында екі кәмелетке толмаған қызы қалғаны туралы ақпарат бар.

 

Барлық жаңалық