Шоу-бизнес

"Енесіне дөрекі сөйлейді": Гүлзира Айдарбекованың кенже келіні көпке жақпай қалды (ВИДЕО)

"Енесіне дөрекі сөйлейді": Гүлзира Айдарбекованың кенже келіні көпке жақпай қалды (ВИДЕО)

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні Индира Мауленова әлеуметтік желіде енесімен бірге түсірілген бейнежазбаны жариялап, көптің назарын аударды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Видеода продюсер ас үйде ет тұздап жатқан сәтте көрсетілген, ал келіні бұл көрініске әзілмен жылы жазба қалдырған:

«Көңілін тапсаң, әр ене өз анаңдай.
Бүгінгі келін — ертеңгі ана.
Ұрыспай, өсектемей, ауызбіршілігіміз мол болсын.
(“Әзілің жарасса, енеңмен ойна” деп қоясың ғой)», — деп жазды Индира.

Бейнежазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі келін мен ененің қарым-қатынасын үлгі етіп, жылы лебізін білдірсе, енді бірі Индираның сөздерін сынға алды.

«Енеңіз керемет жан екен», «Осылай ененің тілін тапқан келіннен айналып кетейін», «Кім не десе де, бұл өнерлі отбасы ұнайды» деп жазғандар болса, қарсы пікір білдіргендер: «Келіннің тілі шығыпты», «Үш бала туғаннан кейін көреміз», «Енесіне дөрекі сөйлейді» деген сияқты пікірлер қалдырған.

Осылайша, ене мен келіннің әзілге құрылған қарым-қатынасы біреуге үлгі болса, біреуге ерсі көрініп, желіде қызу талқыға түсті.

Барлық жаңалық